На главную Вход | Регистрация
Вход VK
Новости ресурса

Жаңа жыл құтты болсын #

Автор: admin (31.12.2017 / 18:00)
Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл бақыт, шаттық, қуаныш, құт-береке әкелсін! Жаңа жылда ырыстарың көп болып, табыстан табысқа жете беріңдер! Жаңа жылдағы жоспарларың іске асып, тілектерің орындалсын!

Жаңа жылың жаңа нұр ала келсін
Қуанышқа құшағың тола берсін.
Ескі жылың есіркеп көкейіңде
Қимас шақтың бірі боп кала берсін!


Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмастағы боядың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылады, Осы шашылған нұр әрбіріміздің шаңырағымызға шуақ болып турайды. Қай -қайсымыз болсақта осы мерекелік кештен келесі Жаңа жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!
Барша қазақстандықтарды жаңа 2018 жылдарымен құттықтаймын! Жаңа жылда жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын!
Жаңа жыл — бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын. Мен барша Қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтаймын. Аспандарымыз ашық, денсаулықтарымыз мықты болсын!
Комментарии 0

Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! #

Автор: admin (07.05.2017 / 10:37)
Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.
Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.
Комментарии 0

Наурыз мерекесі құтты болсын! #

Автор: admin (22.03.2017 / 13:57)
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін!

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.

Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз - көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол - өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.

Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз.

Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!
Комментарии 0

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні! #

Автор: admin (08.03.2017 / 03:35)
Сіздерді көктемнің жарқын мерекесі – Халықаралық әйелдер күні 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! 8 наурыз – өмірде болып жатқан тарихи, саяси, әлеуметтік өзгерістерге ұшырамаған ерекше мереке.

Көктемнің алғашқы мерекесі ананың аялы алақанындай жүректерге жылулық ұялатады. Адамзаттың нәзік жандарына арналған мереке табиғаттың оянуымен бірге келіп отыр.

Ана – тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – Ананы ардақтамайтын халық жоқ. Нәресте өмірінің нәрі –ана сүті. Халықтың рухы, жаны, тарихы, арман үміті болып табылатын тілдің де басқаша емес «ана тіл» деп аталуы тегін емес. Бұл – ұлттың тілі, ғұрып – салты, дәстүрі, тарихы, әдебиеті мен мәдениеті жас ұрпақ бойына ана сүтімен дариды деген сөз.

Аяулы аналар, апайлар!

Сіздерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтаймыз, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге жеміс тілейміз, Қазақстанымыз көркейе берсін!
Комментарии 0

Жаңа 2017 жыл құтты болсын! #

Автор: admin (31.12.2016 / 18:17)
Құрметті, қазақстандықтар! Табалдырықтан аттаған Жаңа 2017 жыл құтты болсын!

Баршаға шаттық пен қуаныш сыйлайтын жайдары мереке Сіздерге тек жақсылық алып келсін!

Өтіп бара жатқан жылға өкпе жоқ. Біз ең бастысы Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өттік. 2016 жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы болды. Қай салада болмасын, елімізді дамудың даңғыл жолына жетелейтін шешімдер қабылданып, 2017 жылы олар еңбегіміздің жемісін береді деген сенімдеміз.

Ескі жылдың қайғы-мұңын, өкпе-назын артқа тастап, кіріп келе жатқан Жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен, тың ойлармен қарсы алайық!

Тауық жылы молшылық, табыс пен байлық әкелсін! Еліміздегі әр шаңырақтың дәулеті мен сәулеті артып, татулығымыз нығая берсін!

Әлемде тек бейбітшілік болсын! Жаңа жыл құтты болсын, ардақты ағайын!
Комментарии 0

Бүгін – елімізде тұңғыш Президент күні. #

Автор: admin (01.12.2016 / 05:50)
2011 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Парламент сенатының отырысында "ҚР заңына толықтыру енгізу: "Қазақстан Республикасындағы мерекелер" заңы қабылданды. Тұңғыш Президент күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің Қазақ елі үшін жасаған еңбегін елеп, ескеру мақсатында күнтізбеге енді.

Нұрсұлтан Әбішұлы 1990 жылдың сәуірінде Қазақ КСР-інің президенті болып тағайындалды. 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет ҚР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, Н.Назарбаев 98,7 % дауыспен жеңіске жетті. 1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Президент Назарбаевтің өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды. 1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлау нәтижесі бойынша Н. Әбішұлы 79,78% дауыс иеленіп, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды. 2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылар 91,5% дауыспен Н.Ә.Назарбаевті ҚР Президенті етіп қайта тағайындады. Ал 2011 жылы 3 сәуір күні кезектен тыс президент сайлауында Н.Назарбаев сайлаушылардың 95,5 % дауысын жинап, ҚР Президенті болып қайта сайланды.

Тұңғыш Президент күні елімізде көптеген шара ұйымдастырылып, мейрам ретінде тойланады.
Комментарии 0

Бүгін - 7 мамыр. Отан қорғаушы ер азаматтарымыздың мерекесі #

Автор: admin (07.05.2016 / 07:25)
Бүгін - 7 мамыр. Отан қорғаушы ер азаматтарымыздың мерекесі де келіп қалыпты.

Әлбетте, жігіттер, сүйеуіміз де, тіреуіміз де - сіздерсіздер! Сіздерге қанша базынамызды ақтарып, бітіспей уәж айтсақ та, сіздер болмасаңыздар, біз кімбіз, солай емес пе, қыздар?

Осы бір айтулы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, сіздерге жалғанның бар жақсылығын тілейміз!
Комментарии 0

Сіздерді 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! #

Автор: admin (01.05.2016 / 04:45)
Сіздерді 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!
Комментарии 0

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекемізбен баршаңызды құттықтаймыз! #

Автор: admin (21.03.2016 / 19:46)
Құрметті достар!
Сіздерді 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекемізбен баршаңызды құттықтаймыз!!! Жаңа Жыл от басымызға жақсылық, дастарханымызға құт-береке алып келсін!!! Жан ұянызга тыныштык және бакыт тілейміз табыстарыңызга жұмыстарыңызга жеміс тілейміз!
Комментарии 0

Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! #

Автор: admin (01.01.2016 / 07:31)
Барша қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Келіп жеткен мешін жылы бар жақсылықтарын ала келсін.

Өткен жылдың есебі мен қорытындысын жасап, жаңа жылға жаңа деммен, жаңа леппен, кереметтей көңіл-күй мен жоспарларыңызбен қадам басып отырсыздар. Отбасыларыңыз аман, елімізде береке болсын! Dostar.net тәуелсіз қазақ елін келіп жеткен Жаңа жылмен құттықтайды!

Жаңа жыл тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдер жылы болсын! Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!
Комментарии 0

Құрметті Қазақстандықтар! #

Автор: admin (15.12.2015 / 22:55)
Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сізге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларың сәтті болсын!
Комментарии 0
Всего: 11
На главную
0 / 8

Қазақ ойын-сауық порталы

© Dostar.net