На главную Вход | Регистрация
Вход VK
Библиотека | Психология

Ерлерге кеңес

Тэги:жігіттер | жігіт | ер | азамат | еркек
Добавил:Dostar (24.01.2018 / 16:01)
Рейтинг:rating 999 article (0)
Прочтений:40
Комментарии:0
screenЕр азаматтың қоғам алдындағы, отбасындағы жауапкершілігі үлкен екені айтпаса да түсінікті. Ер азамат – елдің сөзін сөйлейтін адам. Ерлер үшін айтылатын кеңестер бір керегіңізге жарап қалар. Түртіп алыңыз!

1. Өзіңе ұнайтын нәрсемен ғана айналыс. Бұл ең маңыздысы және ең қиыны. Алтын ереже бойынша саған нағыз рахат беретін нәрсені жаса, содан кейін ғана әлдеқайда бақытты боласың. Бірақ сен өзіңінің жолыңды табуға дайын болуың керек, бұл көп жылдарға созылатын марафон.

2. Күн сайынғы қоқыстан тиыла біл. Уақытылы дұрыс тамақтан. Алкогольдан мүлде бас тарт!

3. Шет тілдерін үйреніңіз. Бұл әлемді терең қабылдауды шынайы түрде кеңейтеді және оқу, даму және мансаптық өсу үшін бұрын-соңды болмаған дүниелерді ашады. Орыс тілінде сөйлейтін ғаламторды пайдаланушылар 60 миллион ғана. Ал, ағылшын тілділер миллиард. Ағылшын тілін білу – өмірлік қажеттілік.

4. Кітап оқы. Шамамен кәсіби сала, тарих, жеке өсу, әлеуметтану, психология, өмірбаяндар, көркем әдебиет саласындағы кітаптарды көбірек оқыған дұрыс. Оқуға уақыт тапшы болса, көлік жүргізіп келе жатсаң, аудиокітаптарды тыңда. Алтын ереже бойынша адам аптасына кемінде бір кітап оқып/тыңдайды. Бір жылда оқылған 50 кітап өміріңді басқа арнаға бұрады.

5. Ғаламтор желісінде көп отыруды, әлеуметтік желілерді мағынасыз ақтарып отыруыңды доғар. Әлде әлеуметтік желілерді өз пайдаңа асыр. Сол уақытыңды желіде кәсіп жүргізіп, ақша табуға жұмса.

6. Ерте тұруды үйрен. Парадокс – бұл кешке қарағанда таңертең әрқашан көп нәрсені жасайсың. Себебі, таңертеңгі уақытта адамның энергиясы тасып тұрады.

7. Әр сәттен ләззат ала біл. Өмір жолында кезедскен әрбір адам саған ұстаз. Біз бәрін адамдардан үйренеміз. Өзіңе дұрыс сұрақ қоя білген дұрыс. Дұрыс сұрақ дұрыс бағытқа жетелейді.
На главную
0 / 8

Қазақ ойын-сауық порталы

© Dostar.net